1. Анықтамалар
1.1. «Сайт» –
https://www.komek-lombard.kz/ мекенжайы бойынша қолжетімді веб-сайт. Сайтқа және оның құрамдас бөліктеріне, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен дизайнға барлық құқықтар толық көлемде «Көмек Ломбард 7» ЖШС-не тиесілі. Пайдаланушыға айрықша құқықтарды беру осы Құпиялылық саясатымен көзделмеген.
1.2. «Пайдаланушы» – Сайтты пайдаланатын тұлға.
1.3. «Заңнама» – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.4. «Дербес деректер» – Пайдаланушы Сайтта тіркелу кезінде немесе оның функционалын пайдалану барысында өзі ұсынған деректер.
1.5. «Деректер» – Пайдаланушы туралы дербес деректер болып табылмайтын өзге мәліметтер.
1.6. «Тіркелу» – Сайттағы Тіркеу нысанын қажетті мәліметтермен толтыру және сканерленген құжаттарды ұсыну процесі.
1.7. «Тіркеу нысаны» – Пайдаланушы Сайттың толық функционалын пайдалану үшін толтыруы қажет нысан.
1.8. «Қызметтер» – Оператор келісім негізінде көрсететін қызметтер.